20.03.2023
  203


Автор: Әсерлі әңгімелер

Құданың қорлығы - 8 бөлім

Еңкілдеп жылап өзін тоқта алар емес. Қызы келсе болды оны дереу күйеуінен ажыратып бүкіл дүниесімен қосып мына үйден алып кетпек болды.
- Осыдан қазір қызым келсін бұл үйде оны бір секундқа қалдырмаймын. Ұятсыз алжыған шал.
- Мейлі алып кете бер. Одан менің ештеңем кетпейді. Менің неше күндік өмірім қалды дейсің? Бір күнде өлемін де қаламын. Балама басқа қатын табылар. Ал сенің қызыңа не болады? Болашақта дәл сен секілді қорғансыз болып біреуден жәбір көрмесіне кім кепіл? Мен келінге ризамын. Оған еш зиян келтірмеймін уайымдама. Бұл жөнінде біреуге жақ ашсаң қиналатын тек қызың ғана. Ең алдымен сүйіктісімен ажырасуына мәжбүр болады. Тым құрыса мына баланы аясаңшы құдағи. Әкесі бола тұрач тірі жетім болып жүреді ме?
- Алла жазаңды берсін сенің.
- Неменеге сонша долданасың? Күйеуге өтпей қалатындай жас қыз емессің ғой.
- Аузыңды жап. Әйтпесе сені бауыздап тастаймын. Қарғыс атсын сені.
Әсем немересін бауырына басып етегі жасқа толып жылады. Қартайғанда мұндай қорлық көремін деп ойламаған еді. Марқұм жолдасының алдында өзін айыпты сезініп жаны әбден азапталды. Құдасының сөзінің жаны бар. Екеуінің де бір аяғы төрде болса бір аяғы көрде. Жастардың өмірін ойрандауға хақым жоқ деді ме қызы келгенге дейін өзін реттеп жуынып-шайынып немересінің сүтін ішкізіп ұйықтатты. Қызы келгенде өтірік ұйықтаған кейіп танытты..
Таңертең ертемен ешкім оянбай тұрғанда бұл үйден қашып кетті. « Қызыма зияның тисе ажалың менен болады»-деп құдасына хабарлама жіберді. Анасының бұл ісін Айсара түсінбей ұзақ ойланды. Анасы « аурып тұрмын, қатты шаршадым»- десе де сене алар емес. Әр сөйлескенде «қайын атаң жақсы ма?» деп сұрағанда қызы тоқтамай мақтай жөнеледі. Сол түннен кейін Әсем ол үйге қайта қадам баспады. Енді міне араға үш жыл салып бірнеше күн бұрын ғана Мараттың жаназасына барып келді. Жүрегі қысылып қаза болыпты. Үйді көрген бойда сол түнгі қорлығы есіне түсіп ескі жараның беті қайта тырналды.

Алайда алдынан жүгіре шыққан немересін көріп көңілі аздап көтеріліп қалды.

« Бұл құпияны мен өлгенше ішімде сақтауға дайынмын. Бәрі де қызымның бақыты үшін. Оны мен кешірмесем де Аллам кешірсін.» деді.


«Қүдаға жарымасам да алтындай күйеу балдарым бар. Сабина да тұрмыс құрып күйеу балам екеуі біздің үйде маған қамқорлық жасап бірге тұрып жатырмыз.»- деп кейіпкер әңгімесін аяқтады.





Пікір жазу