17.03.2023
  440


Автор: Әсерлі әңгімелер

Бизнесменнің тоқалы - 4 бөлім

Бір-бірімізге қарап, жалтақтап тұрмыз. Әлгі адам есікті ұруын тоқтатар емес. Жарықтың жағулы тұрғанын көріп, терезеден де тоқылдата бастады. Сіңілім жарықты өшіріп қойды. Тынышталғандай болды. Сіңілім екеуміз есіктің аузында отырмыз. Қалғып кетіп, айқай шудан шошып ояндым. Сіңілім ұйықтап жатыр екен. Таң атып, күн шыққалы жатыр. Анамның келетін уақыты болған. Бірақ сыртта біреулер айқайға басып жатыр. Терезеден жәймен деп қарағанымда анам біреумен ұрысып тұр екен. Одан соң терезеге келіп, қызым есікті аша қойшы, деді. Қорыққаннан денем дірілдеп, есікті әрең аштым. Сіңілім оянып кетіп, неге ашасың? дегені сол еді. Анам артынша әлгі кісі кіріп келді. Сөйтсек ол кісі біздің туған әкеміз екен. Міне осы күннен бастап, біздің үйде тыныштық жоқ. Сіңілім екеуміздің есімізде әкеміздің бет бейнесі мүлдем қалмаған. Сондықтан оны әзер таныдық. Жанымызда бір аптада бір күн ғана жүрген адам қалай есімізде қалсын. Оны қуып шыққым келді. Бірақ түріне қарап, аяп кеттім. Ол өлердей мас болды. Кіріп ұйықтап жатқанда анам бізге болған жағдайдың барлығын айтып берді. Бұл ісі үшін анама да әкеме де өкпелімін. Себебі олар өздерін ғана ойлады. Енді әкемнің не себепті қайтып келгенін сұраған едік: ол тағы да басқа әйелдермен жүріп, әйелі оны дымын қалдырмай қуып шығыпты. Солай бизнесмен әкеміз бейшараға айналды.

Әкем оянып тамақ сұрады. Амал жоқ тамағын істеп бердік. Киімдеріңде жуып бердік. Кешкісін анам мен ұрысып, сыртқа шығып кетті. Анам жылап отыр. Жанына барсақ бізге де ештеңе айтар емес. Ертесіне таң ата үйге келді. Енді ішпейтін шығар деп ойлаған әкеміз анамның ақшасын тартып алып кетіпті. Соның барлығына ішіп, енді удай мас болып тағы да жатыр. 





Пікір жазу