Бизнесменнің тоқалы - 9 бөлім
Сот анамды ақтап шықты. Бірақ әкем балалар менікі емес деп қайта шу шығарды. Сот ДНК сараптамасын жасауды ұсынды. Бұл орайда анам өзіне сенімді. Ал әкем сасқалақтап қалды. Анама қарсы тұруға қанша ақшасы болса да күші жетпеді. Анам тым сенімді еді. Себебі оны қолдап тұрған анасы мен балалары бар.
Сот тым ұзаққа созылды. 8 ай уақыт өтті. Әкем ЗАГС тің жоқтығын сылтауратты, анамның ішіп кеткенін сылтауратты. Алайда оған сынар анам жоқ. Қайта анам одан бетер жоғарылатып, ашуы үдей түсті. Солай әкем баяғы сөзіне мақұлдана беретін сүйіктісі жоқ екенін түсінді. ДНК сараптамасы біздің бәріміздің әкемнің қанынан екенімізді ақтап шықты. Біз оған қуандық. Содан сотқа қарсы тұруға әкемнің қаухары жетпей ақыры ай сайын алимент төлеу мойнына жазылды. Әрине басынан осылай болуы керек еді.
Сіңілім екеумізде 9-сыныптан соң колледж оқуды жөн көрдік. Анам мен әжемде сөзімізді мақұлдап, алиментті сол үшін жинадық. Уақыты келгенде алдымен мен грантқа ақшамен түсіп стипендия алып жүрдім. Бір жылдан соң сіңілімді қасыма әкеліп, оны да түсірдім. Үлеріміміз 4 пен 5. Барынша стипендиядан құламауға тырыстық. Жатақханаға орналасып, солай өз бетімізше күн көре бастадық.
Алайда арада біраз күндер өткен соңғы жағдай көңілімізді түсірді. Анам өзінен 10 жас кіші жігітпен көңіл қосыпты. Тіпті одан бала да көтерген...
Жалғасы бар