16.03.2023
  294


Автор: Әсерлі әңгімелер

Ажал тұзағы - 2 бөлім

Емін- еркін, мүлдем таршылық көрмей жегенім алдымда, жемегенім артымда болып өстім. Өте ерке едім. Әжем мен десе ішкен асын жерге қоятын. Жасөспірім жігіт болсам да әжем мені құшағынан жібермейтін. Әр сөзінде « Аллаһым балам Саматтың (әкемнің аты) артынан ұрпақ ергенін көрмейінше менің жанымды ала көрме. Арманда кетпейін. Немеремнің тойында шапқылап жүретін күш-қуат бере көр» деп айтып жүретін. Алла тағала оның дұғасын қабыл етті. Жас болып жаңылыс басқан шағымда ешкім мені қолдамаса да әжемнің бұйрығымен ерте үйлендім. Келіншегім де әлі балалығы басылмаған ерке қыз еді. Үйленіп ешкімнен қысылмай, қымтырылмай екеуміз қол ұстасып қыдырып жүреміз деп ойладық. Анам « келін алып қолым ұзарып қалады, келінім үйлің шаруасына қолғабыс болады» деп ойлаушы еді. Бірақ ол қалауы бола қоймады. Керісінше анама артылған жүк еселене түсті. Әжем Әсемді әбден еркелетіп жіберді.
Сол үшін де анам екеуі жиі сөзге келіп қалатын болды.
Анамның әжеме дауыс көтере сөйлегенін алғаш көруім.
- Жетер енді апа. Менде сіздің қолыңызға пісіп жетілмей бала күйімде келдім. Сіз мені үнемі жөнге салып өзіңіз тәрбиеледіңіз. Менің осы күнге жеткенім сіздің арқаңызда. Ал бұл жас келінге не тәрбие беріп отырсыз? Бұл менің келінім. Оны бұлай тайрандатып қойғаныңызға қарап отыра алмаймын.
- Не, соншама жылғы істеп жүрген шаруаңды келін алып істей алмай қалдың ба?
Мұнымен не айтқың келеді? Сонда осы күнге дейін мен сені қинап келіппін ғой. Солай ма?
- Жо-жоқ, апа мен керісінше сізге алғыс айтамын. Сіздің арқаңызда қазір қолымнан келмейтін іс жоқ. Сіз маған бәрін үйреттіңіз. Еңбеқорлық, іске тиянақты болу, жауапкершілік бәрін сіз үйреттіңіз. Келінімді де солай тәрбиелесеңіз еш наразылығым болмас еді. Алайда сіз оны әбден жалқау етіп тындыңыз. Сіз бен мен мәнгі қасында жүрмеймін. Өмірдің қызығы мен шығын бірге көрсе екен деймін.
Әжем ананың жан айқайын тыңдағысы келмеді. Анама өкпелеп бөлмесіне тығылып алды.





Пікір жазу