16.03.2023
  349


Автор: Әсерлі әңгімелер

Ажал тұзағы - 5 бөлім

Анам әжемнің қасынан бір елі ажыраған жоқ. Күндіз-түні қасында болды. Ыстықтай сорпасын үзбей, дәрілерін уақытында ішкізіп күтім жасады. Әжем ес жиған соң тағы да сол қырсықтығын жалғастыра берді. Әжем өзінің қауқары жетпеген жоқ ас-суын Әсемге дайындатып жүрді. Мұрны тыржыңдап әйелім әрең бір тамақты істейтін. Үйде береке жоқ. Айналдырған үш әйелдің басы бір үйге сыйыспай жүр. Менде үйден безе бастадым. Келіншегім мен қол ұстасып қыдырып ойнап-күліп жүргім келетін. Әсем үнемі әжеме күтім жасап жүрген соң біз үй қамақта отырғандай күй кешіп жүрдік. Әсем ыңқылдап-сыңқылдап жүріп аман-есен ай күніне жетіп ұл баланы дүниеге алып келді. Әжемнің қуанышы қойнына сыймай бар ауруын ұмытып кеткендей шапқылап жүрді. Тықпыштап жиған —тергенінің бәрін шашып шөбересінің шілдехана, бесік тойын дүркіретіп жасап берді. Әсемнің қолын мұздай суға тигізбей анам мен әжем шыр-пыр болып шапқылап әлек. Ұлым Батырхан бұл үйге бақ береке әкелгендей. Әжем мен анамның ара-қатынасы жақсара түсті. Әсем бірде-бір шаруға араласпайды. Тек балаға қарайды болды. Солай күндер жалғаса берді. Ұлым сегіз айдан асып еңбектеп жүре бастады. Әсемнен қашып үнемі әжемнің қасынан шықпайтын. Әжем байғұс өщі әрең жүргеніне қарамай шөбересін арқалап жүруші еді. Ал анам жұмыста болған соң үйдің шаруасы Әсемнің мойнына артылды.
Әбден дайын тамақты жеп-ішіп дайын асқа тік қасық болып үйренген әйеліме бұл жүк аурлық қылған болса керекті күн сайын жылап-сықтап миымды ашыта бастады.
- Жаным, мен де адам секілді өмір сүргім келеді. Мен үйде емес түрмеде жүрген секілдімін.« Баланы ауыртасың, анда барма, мұнда барма, олай істеме, бұлай жасама»-әжемнің осындай шектеулерінен әбден мезі болдым.
- Әжем өзі сондай адам. Ол кісі өзгермейді.





Пікір жазу