16.03.2023
  153


Автор: Әсерлі әңгімелер

Ажал тұзағы - 7 бөлім

Ол ашулана жауап берді.
- Мені мазалама. Маған хабарласпа.
- Өшірме, мені тыңда. Мен сені қолдаймын.
- Маған ашуланып ұрсайын деп тұрған боларсың десем.
- Жоқ, сен түгілі өзім де Әжемнен қашып кеткім келеді. Әжемді осялай бір сілкіп алғаның дұрыс болды. Адам қартайған сайын бала секілді болады дегені рас екен ау. Әжемді тәубесіне келтіру керек.
-Не деп тұрсың?
- Сен үйіңде біраз уақыт жүре тұр. Әжем өзі-ақ алдыңа барып жалынып алып қайтады.
- Әй қайдам. Әжеңе мені керек етеді дейсің бе?
- Мен білетін әжем болса Батырхан үшін бәріне де барады.
- Негізі мүлдем ажырасып кететін ойым жоқ. Ашумен кетіп қалғаным дұрыс болмады.
- Маған сен, біздікі дұрыс. Әжем өзгеріп біз әжемнің емес әжем біздің қалаумызды орындайтын болады.
Сол түні ұйқым келмей таңға жақын көзім ілініп кетіпті. Демалыс күні болғандықтан болар еш алаңсыз ұйықтап жатыр екенмін. Маңдайыма тиген ыстық алаққанды сезіп ұйқымнан ояндым. Жанымда әжем отыр екен.
- Балам, бұлай түске дейін ұйықтамаушы едің ғой.
- Миымды ашытатын әйелім мен балам жоқ. Рахаттанып ұйықтап жатыр едім.
-Олай деме. Солар мен өмір қызық емес пе? Саған келген себебім де сол еді. Барып әйелің мен балаңды алып қайт.
- Жоқ, бармаймын. Олардың маған керегі жоқ. Қыдырсын, киінсін, ішсін-жесін қалағанынша өмір сүрсін.
- Ашуға бой алдырма балам.
- Әже маған ол жайында ештеңе айтпаңыз. Оның атын естісем зығырданым қайнайды.

Әжем менің бұл сөздеріме иланбай сенді. Бірақта мен мұның бәрін әжемді өз ісіне өкіндіріп бізді билеуін тоқтатуы үшін әдейі жасадым. Күн сайын әйелім мен балам мен сөйлесіп жүрдім. Әжем біресе анама бірде маған «барып алып келіңдер» деп жалынып жүрді. Менің ашуым өтірік болғаны мен анам шын мәнінде әйеліме қатты ашулы еді.« Өзі кетті өзі келсін» деп жүре берді. Әжем шөбересін сағынып көзіне жас алып жылап алатын. Болды аз қалды, әжем өзі барып немере келіні мен шөбересін алып қайтады деп жүр едім. Бірақта мүлдем мен күтпеген жағдай орын алды.





Пікір жазу