Сүйгенімді тастап сор болдым - 3 бөлім
Әкем абдырап қалды. Не айтарын да білмеді. Менде аң- таңмын. Көрші бөлмеден сығалап тұрған сіңілім маған қарап, көзбен бірдеңе ымдап сұрағандай болды. Мен болсам қолдарыммен изеп: мен ештеңе білмейтінімді дәлелдеудемін. Шыны керек ештеңе түсінбей тұрмын.
-- Ореке менің білуімше балаларың әлі оқиды. Қазір үйлендіру ойыңда барын білмеппін. Үй жайлы реттеп алайын деп жатқан едің ғой.
-- Иә, бірақ мен тек айттырып келіп тұрмын, дей бергенде сырттан ата анасымен бір еңгезердей жігіт ілесіп келді. "Сәлеметсіздер ме?" деді, әкесі кіре сала... "Егер келіссеңіз, болашақ қүда-қүдағиыңыз осы" - деді әкемнің Ореке деп тұрған танысы.
Дастарханға жайғасып, дәмнен ауыз тиді. Әкем ет астырып, оларға ыстық тағам берді. Дем арасында сөйлесіп, әңгімелесіп кетті. Әкемнің оларды жақын тартып жатқанын түсінбей әлекпін. Әлгі жігіт мені тек бір көргеннен ұнатқанын, сырттай ғашық болғанын айтып жатыр. Ал мен Нұрболатқа қайта қайта хабарласып сөйлесе алмай әлекпін.
"Жастар сөйлесіп көрсін" деді әкем, мені шақырып. Әкеме қарап, "шынымен бе?;" Дегендей түр таныттым. Екеумізді менің бөлмеме кіргізіп жіберді.
Келдік те жерге отырып алдық. Ол да мен де үн түнсіз біз. Кенет әңгіме бастап:
-- қайда жұмыс жасап жатырсың?
-- қалада, колледжде мұғаліммін.
-- қай жылғысыз? "күліп"
-- 91 жылғымын. Жасымды да айтайын ба?
-- аа жоқ. Жылынды білсем болғаны. Демек менен екі жасқа кіші екенсің. Мен 89 бын.
-- аа жақсы екен.
Әңгімеміз әрі қарай жалғасты. Кенет жігітімнен хабарлама келді. " Мен шұғыл Астанаға кетуім керек. Біраз уақытта өзім хабарласам''.
Жалғасы бар