Сүйгенімді тастап сор болдым - 4 бөлім
Бірақ телефонына қайта қоңырау шалғанымда өшірулі болды. Не болғанын түсінбедім. Жанымда айттыра келіп отырған жігітке қарамай орнымнан тұрып кетіп, сыртқа шықтым. Сыртта отырып қанша мәрте хабарластым. Бірақ тұтқасын көтермеді. Неше түрлі ой келді. Соңында ойландым. Мүмкін ол мен кездесуге бармағаным үшін мені тастап кете барды. Расында солай болуы мүмкін бе? Иә, мүмкін ғой.
Үйге келдім. Әкем менің нақты шешімімді сұрады. Ойланбастан " мен келісемін" дедім. Болашақ құдалар мәз мейрам болып біраз шүйіркелескен соң үйіне тарасты. Менің ойымда тек Нұрболат. Бірақ оны ойлаудың енді қажеті де жоқ. Мені керек етпеді. Демек менде оны керек қылмаймын. Мүмкін тағдырдың жазуы осы болар. Мен бір жерден ағаттық жібердім бе? Жоқ, барлығы дұрыс. Ең бастысы мен болашағымды ойлауым керек. Алла қаласа тұрмыс құрамын. Өткенді өткеннің еншісіне қалдырған дұрыс сияқты. Осындай ойлардан соң үйдегі анша мұнша тірліктерге анама көмектесіп, кешкісін кешкі асымызды ішіп, ұйқыға жаттық.
Күні ертесіне жаңа құдалар ата анамды тәтті шәйға шақырды. Мені де ерте келсін деген екен. Бірақ менің барғым келмеді. Қалаға кетуге дайындалдым. Жұмысыма бара берейін дедім.
Арада біраз күндер өтті. Күнделікті жұмысқа барып келіп жүрдім. Ата анам мен болашақ ата енем той күнін белгілеген екен. Жаз айына жасамақшы. Менің демалысыма орай. Болашақ қайын жұртым осы қалада тұрады. Жұмысқа барып келіп жүре береді екенмін. Онысына әкем екеуміз қуанғандай болдық.