Сүйгенімді тастап сор болдым - 5 бөлім
Жасауымды алып, ұзату және той көйлектерін алып, қызу дайындыққа кірістік. Уақыт деген шіркін тіпті жылдам. Осы уақыт аралығында Нұрболат маған мүлдем хабарласпады. Қанша ойламайын десем де қимастық сезім бар. Телефонды алсам болды, нөмірін саусақтарым теріп кете береді.
Арада көп өтпей ұзату мен той да өтті. Барлығы мәз мейрам. Енді мен тұрмыстағы әйелмін. Күйеуімнің есімі Самат. Бірақ ұзатылып үйге келген соң ол мүлдем өзгеріп кетті. Өзі біртүрлі қуыстанып, қорқақтап жүреді. Айналасына жалтақтап қарайды. Ұзату тойда жап жақсы отырған. Бірақ бұл ісі тым түсініксіз.
Той өткен соң неке түні болатын болды. Кешкісін киімімді ауыстырып жатқанымда есікті біреу тоқылдатты. "Күте тұрыңыз, киім киіп алайын" дегенім сол еді кіріп келді. Қарасам күйеуім, келді де зорлық жасай бастады. Не өңім не түсім екені белгісіз. Қатты жыладым. Не болғанын түсіне алмай кеттім. Зорлық көрсетті де артынша мені ұра бастады. Дененің бәрі көк ала қойдай болды. Сөйтті де өз өзін басып, сыртқа шығып кетті. Көп өтпей қайтадан келіп:
-- Өтінем кешірші мені, шыдай алмай кеттім. Кешір, жарығым сол, сені қатты жақсы көргенім сонша осылай қалай жасағанымды да ұқпай қалдым. Кешірші өтінем
-- Кет, кет дедім саған, жолама маған! Қатты айқайлап жібердім. Дереу үстімді түзеп сыртқа шығайын деп жатқанымда үйдегілер келді және жандарында менің күйеуіме ұқсайтын біреу тұр. Тіптен екеуі айнымайды. Оған тесіле қарап қалдым. Бірақ жанында әйел тұр екен. Бір мезетте ойыма неше түрлі нәрсе келді. Атам сөзді бастап:
-- Қызым саған бұлай жасағанымызды кешір, бізді түсін. Сені алдадық. Бәрін түсініп тұрған шығарсың, деді.
-- Кешіріңіз, бірақ шын мәніне келгенде мен ештеңе түсініп тұрған жоқпын. Не болғанын түсініпте, ұғыпта тұрған жоқпын. Бірақ бір түсінгенім мен енді бұл жерде тұрмаймын.