Сүйгенімді тастап сор болдым - 7 бөлім
—Сіздер мені де отбасымды да алдадыңыздар! Бұны әкем білсе не болатынын білесіздер ме?- деп аласұрып ашулана айқайладым. Өзімді амалсыз, қамқоршысыз, еш бір жақын адамсыз қалғандай күй кештім. Қолымнан бар келетіні тек жылау. Екі көзімнен тоқтамастан жас ағып жатыр. Жан дүнием алай-дүлей. Ішімде бір соғыс болып жатқандай. Ішім өрт болып, өртеніп жатқандай. Не болғанын мүлдем түсініксіз. Расымен енді мен осы адам мен өмір сүремін бе? жоқ болмайды. Мен тұра алмаймын.
Ата-енем үйіңдегілерге бұл жайлы тіс жарма деп жалынып жалбарынып жатыр. Мен болсам тоқтамастан жылап отырмын. Ақыры бір шешімге келіп:
-- Мен бұл адаммен бір бөлмеде тұрмаймын. Күндіз келіндік қызметімді атқарамын. Бірақ түнде есігімді құлыптап жатамын. Ол қайда жатса онда жатсын. Олар менің сөзіме қатты қуанып, мақұлдасты. Дәл осылай күндер жалғасты.
Мұндағы күндер тура тозақтай болды. Құдай сақтасын тозақты көріп келген жоқпын. Алайда бұндай қиынды ешкімге тілемеймін. Тіпті дұшпаныма да...
Түндерде де тіпті тыныш ұйықтамайтынмын. Себебі, Болат келіп есімімді қағып тұратын. Неше түрлі сөздер айтып, бірде тәубесіне келіп, "жаным-күнім" деп кешірім сұрайды. Ал кейде боқтық сөздер айтып, арғы атама дейін жеткізіп тастайтын. Ұйқымның тыныш болған күні жоқ. Оны алғашқы түннен бері жаныма жақындатқан емеспін. Түнгі ұйқым дұрыс болмаған соң, күндіз басым айналатынды шығарды.