Сүйгенімді тастап сор болдым - 9 бөлім
Балам 2 жастан асты. Өмірдің қыстау кезеңінен өтіп жатқаныма әлі де сене алар емеспін. Баламның асыр салып ойнап күліп жүргеніне қуанып, барлық қайғыны көрмегендей сезініп жүрдім. Алайда әлгі Болатты көргенде жүрегім шаншып, езіліп қоя береді. Ол мені көрсе жын көргендей маған қарай ұмтыла береді. Бағыма орай ата енем жақсы. Оған мені барынша жолаттырмай жүрді. Бір жаманы сырттағы сөз. Ол сөздерден ешқайда қашып құтыла алмаймыз.
Жұмысыма барып келіп, бір күні кешкі ас дайындауға кірістім. Атам мен енем бұл жолы үйде жоқ. Шұғыл бір жағдай болғандықтан туысымыздың үйіне кеткен. Самат пен абысын мен келе сала бөлек шығып кеткен. Үйде балам екеуміз ғана. Болат кірмесін деп есікті құлыптап ас бөлмеде шәй ішіп отырмыз. Бір уақытта есік қатты соғылды. Өзінің жатын бөлмесінен де шығып ас бөлмесіне келіп есікті ұрып тұр. Балам айқайлап жылай бастады. Мен болсам не істерімді білмей, қорқып тұрмын. Есікті сындырды да дереу маған қарай жүгіре жөнелді. Баламды үстелдің астына жасырып, өзім үстелді айнала Болаттан қашып жүрмін. Не дегенмен ер адам ұстап алып шашымнан сүйреп жатын бөлмесіне апарды. Жасарын жасап алды да, әбден соққыға жығып, басымды поровойға ұрды. Одан соң есімді білмеймін.
Есімді жисам ауруханадамын. Балам мен ата енем қасымда отыр. Жанымызда полиция. Не болғанын айтып бердім. Бірақ полиция адамдары псих деген қағазын көріп, оған еш шара қолдана алмайтындарын айтты. Маған "өзіңнен көр психқа байға тиген" дегендей кейіп танытып сыртымнан күліп кетті. Сол уақытта өмірден қатты түңілдім.
Ауруханадан шыға сала үйге барып, мені бөлек пәтерге орналастырыңыздар дедім. Алайда ата енем оған келіспеді. Бар айтатындары "немеремізді сағынамыз"... Күндердің күнінде сол оқиғадан соң тағы да аяғымның ауырлағанын білдім. Бұлай қашанға дейін жалғаса беретінін бірақ білмедім.