Сүйгенімді тастап сор болдым - 10 бөлім
Нұрболаттың денсаулығы орнына келе бастаған екен. Оған қатты қуандым. Бірақ бір жағдай көңілімді түсірді. Күндегідей үйде жүрдім. Баламды бала бақшаға апарып әкеліп, ал жұмыстан шығып кеттім. Өйткені мұндай жағдайға дейін әрең жұмыс жасап жүрдім. Енді миымды шаршатқым келмейді. Тек баламды ойлаумен болдым. Бәріміз түскі ас ішіп отырдық. Атам Болатқа өзі жеке барып тамағын беріп келетін. Болат қыз баласын көрсе жалпы әйел адамды көрсе болды өзін ұстай алмайтын халге жеткен. Тіпті үйден қашып қыз қырқын іздеп кетеді. Бір қыздың обалына қалмасын деп кейде оны арқандап тастаймыз.
Балама тамақ беріп отырған мен ойымда ештеңе жоқ енеме шәй құйып отырдым. Кенет атам айқайлап, Болат қашып бара жатыр тығылыңдар, деді. Одан тіпті баламды қорқып қалған. Енемнің жанына баламды қосып басқа бөлмеге кіргізіп, ал өзім далаға қашпақшы болдым. Бірақ мені ұстап алды. Ұстап алды да әбден ұрды. Тіпті тепкіледі. Сол жағдайдан соң ішімдегі баламнан айырылып қалдым. Атам Болатты қанша ажыратқысы келгенмен ол тоқтамады. Сол жағдайдан соң Болатты псих болницаға жатқызып қойды. Ал мен балам екеуміздің болашағымыз жарқын болуы үшін кетіп қалдым. Пәтер тапқанша төркінде біраз жаттым. Нұрболатпенде әр кез хабарласып жүрдім.
Алаңсыз балам мен сыртта ойнап жүрміз. Ал анам мен әкем үй жанындағы шағын егістіктегі қызанақтарын теріп жатыр. Үйге бір көлік келді. Сыртқы дарбазаны ашты. Қарап отырмын. Жүрегім біртүрлі болып тұр. Қарсы алдымда Нұрболат тұр. Сенсем бұйырмасын. Иә, ата анамда жаныма келіп:
-- Иә балам, кім керек еді?
-- Сәлеметсіздерме? Мен қыздарыңыздың қолын сұрауға келдім.
Ата анам аң таң, айналайын, сенің де бір кемістігін болып жүрмесін. Кете ғой деді анам...
Мен болсам қуанғаннан мама папа бұл жігітпен мен мектеп кезінен бері жүргенмін. Әле де сөйлесіп тұрамыз. Ол мені күтті. Біз бір бірімізді жақсы көреміз.
Басында таңырқап, біртүрлі болған ата анам кейін келісімдерін берді. Көп ұзамай ақ келін атандым. Нұрболаттың үй іші мені бұрыннан таниды. Өте жақсы кісілер. Баламмен мені қабылдады. Қатты қуаныштымын. Бақыт дегенді енді сезініп жатыр. Алла қаласа болашағымыз әлі алда деген сенімім мол.