Өгей анам салған із - 2 бөлім
Айнұр екі айлық сәбиі мен өлердей сүйген жарын тастап төркініне Өзбекстан еліне кетіп қалды. Соншама қиындықтан өтіп енді ғана бақытқа жеткенде Айнұрдың неге бұлай еткені оқиға барысында айтылатын болады.
Мақсат әйелінің артынан іздеп баруды ойына да алмады. Өзбекстаннан анасы Зәуреш келіп немере қызына күтім жасап жүрді.
- Балам, бұлай болмайды. Бала тым кішкентай. Оған анасының сүті қажет. Сен бармасаң біз әкең екеуміз келіннің үйіне барайық. Қаншама еңбекпен келген мына үй әйелсіз тоз-тоз болып кетеді.
- Жоқ, бармаңыздар. Қызымды өзім өсіремін. Оған барушы болмаңыздар.
-Тым құрыса не үшін кеткенін айтсаң қайтеді? Туған сәбиін тастап кететіндей Айнұр безбүйрек емес еді ғой. Егер мен адам танитын болсам ол мұндай іске бекерден-бекер баратын адам емес. Не болғанын айтсаңшы.
- Мама, жетер енді. Егер қызыма қарауға қиналып жүрсеңіз еліңізге кете беріңіз. Қызыма өзім қараймын.
- Сен қашан бұлай өзгеріп кеткенсің? Анаңа солай дөрекі сөйлеуге ұялмайсың ба? Сен үшін әкеңді, жылы төсегімді тастап шекара асяп келгендегі естіген алғысым осы ма? Қайырымсыз надан болыпсың. Міне қызың. Ал кәне қара.
- Мама, мен негізі...
Зәуреш ұлының сөзіне құлақ аспай түс ауа үйден шығып кетті. Шекара асып түннің бір уақытында үйіне келді. Әйелінің түнделетіп жүигеніне Жолдасхан таңданып қалды.
- Әй, Зәуреш? Неге түнделетіп жүрсің? Не болды саған?
- Ана балаң әйелі кеткен соң жындануға шақ қалыпты.
Келінді қайтармасақ болмайды.
- Сені үйден қуып шықты ма?
- Қуған жоқ. Оның әбіржулі түрін, қызына қараған сайын көзіндегі өкінішін көруге жүрегім шыдамады. Келінге не істегенін айпады. Біз араласпасақ бұл мәселе шешілмейді.
- Балаң өзі не деп отыр? Келінмен бірге жасаймын дейді ме?
- Жасамай қайда барады? Таңертең келіннің үйіне барайық. Қүда-құдағидың алдынан өтіп, келінді баламен табыстырайық.
- Келін байғұс сондай тәрбиелі жан. Оның бұл ісінің себебін еш түсіне алар емеспін.
Жолдасхан мен Зәуреш келіндерін алып қайтатындарына сенімді болып қүда-құдағиының үйіне барды. Алайда құдалары құшақ жая қарсы ала қоймады. Ұлдарының не бүлдіргенін естігенде ұяттан кірерге тесік таппады.