Өгей анам салған із - 3 бөлім
Айнұр өз шешімін өзгертпейтінін нық сенім мен айтып ата-енесін шығарып салды.
Жолдасхан үйіне жеткенше ашудан жарыла жаздап әрең шыдады.
Жеткен бойда әйеліне бас салып ұрыса жөнелді.
-Балаң бізден жыраққа кетіп құтырайын деген екен. Оған берген тәрбиеміз ауаға ұшқаны ма?
- Оның ісін дұрыс демеймін. Алайда ол біздің баламыз. Оның ендігі өмірі не болмақ? Кіп-кішкентай сәби анасыз қалай өмір сүреді?
- Мен оған ескерттім емес пе? Кетпе дедім. Ол мені тыңдамай кетті. Ал ендеше өз қолымен жасаған қиындығымен өзі алыссын. Оған бармайсың. Оның атында атама. Иттей болып өз аяғымен қайтып келеді.
- Ойбай ай, жарық дүниеге енді ғана келген сәбидің күйі не болмақ? Балаң ол қызға қарай алады дейсің бе?
- Бармайсың дедім бітті.
Зәуреш екі оттың арасында қалғандай. Кетейін десе жолдасының ит мінезінен қорқады. Не істерін білмей әбігерге түсті.
Әйелінің келмейтініне көзі жетіп тұрса да, үмітсіз шайтан демекші анасынан бір хабар күтіп Мақсат жол қарап жүрді. Біршама уақыт өткен соң үмітін үзіп қызы үшін ес жиып тіршіліктің қамына кірісті.« Мен ешкімнің көмегіне зәру емеспін. Қызымды өзім-ақ өсіріп аламын» - деп намысын бір қайрап алды. Әйтсе де жаңа туылған сәбиге қарау еркек адам үшін оңайға соқпасы анық. Екеуінің күн көрісі үшін жұмыс істемесе тағы болмайды. Бірге істеген жолдастары арқылы тұрмыстан қайтқан бір әйелді тапты. Есімі Гулмира. Жасы Мақсатпен тетелес екен. Екеуі кездесіп бірден келісіпге келіп екі жарты бір бүтінге айналды.
Гүлмира кіп-кішкентай Шырайлымға тез-ақ бауыр басып қалды.
Мақсат әке-шеше, туғандарынан еш бір қолдау күтпей оларға еш ескертусіз осылайша өзі жаңа өмір бастап еді.
Бұл хабар шекара асып әкесінің құлағына жеткенде Жолдасхан ұлының бұл әрекетін ақтауға еш негіз таппай бір жолата өз ұлынан бас тартты.