Өгей анам салған із - 4 бөлім
- Әкесі сенде түсінсеңші енді. Ол жалғыз өзі қайтсын байғұс? Мені жібер дедім жібермедің. Жаңа туылған қыз балаға қарау оңай деймісің?
- Оны жақтаушы болма? Мен оны осылай әр қатынның етегін ұстап кетсін деп өсірдім бе? Тым құрыса алдыма келіп бір ауыз рұқсат сұраса қайтер еді? Ол тайрандап жүреді екен, ал біз мұнда оның кесірінен ұяттан жерге кірердей болып жүреді екенбіз ғой. Солай ма? Ақыры бізді керек етпей өзі шешім қабылдап, өзімен-өзі өмір сүрен екен, демек менің де ондай балам жоқ.
Бұдан былай бірде-біреуің оның атын да атаушы болмаңдар.
Жолдасхан осылай өз шешімін айтты. Оның екі сөйлемейтінін, алған бетінен қайтпайтынын бәрі жақсы біледі.
Зәуреш ұлының жолына термілу мен күн өткізіп сары уайымға салынып жүр. Ана жүрегі баласы үшін шыр-пыр болып жанын қоярға жай таппай жүр. Ауылдың бәрі түгел Мақсаттың туған еліне барып мүлдем басқа адамға айналғанын айтып өсек етуде. Бұл сөздер Жолдасханның баласына деген ашу-ызасын одан сайын қоздыра түсуде. Осылайша әке-шеше мен туған перзенттің жолы екіге айырылды.
Гүлмира туған анасы бас тартқан Шырайлым қызға жақсы күтім жасап жүрді. Мақсаттың қызына қарауға шамасы жоқ. Бірнеше жерде жұмыс істеп жүр. Осылай жылдар өте шықты. Шырайлым үш жастан асты. Тілі тәтті, өте сүйкімді қыз болып өсіп келеді. Өзі тынымсыз әр нәрсені бір сұрап Гүлмираға маза бермейді. Жалғасы бар