16.03.2023
  273


Автор: Әсерлі әңгімелер

Өгей анам салған із - 7 бөлім

Мақсат жұмыстан келген бойда бет-ауызы ісіп кеткен әйелін көріп зәресі қалмады.
- Гүлмира, саған не болған? Сен жылағансың ба?
- Мақсат кешірші мені.
- Не болғанын айтсаңшы.
- Мен Шырайлымға бауырсақ пісіріп жатқанмын.« Менде көмектесемін»-деп қоймаған соң рұқсат беріп едім.
- Содан?
- Ол ыстық майды үстіне аударып алды.
- Не дейсің?. Қатты күйді ме?
- Иә, кешірші мені.
- Мен саған не айттым? Мен саған тек қызыма қарасаң болды дедім емес пе? Осы күнге дейін қызым не көрмеді? Біресе жоғарыдан құлады, біресе суған тұншықты, енді міне майға күйді. Бір балаға дұрыстап қарай алмайтын неткен адамсың?
Мақсат әйелін әбден ұрсып, ұқыда жатқан қызынан кешірім сұрап бір жылап алды. Оның осылай қорлық көріп жүргеніне өзін кінәлі сезініп айыбын өтеуге кірісті. Жүмысынан сұранып бірнеше күн бойы қызына уақытын арнады. Әбден шошып қалған қыз әкесіне тек өлім жайлы сұрақ қоя бастады.
« Әке, адам өлген соң не істейді? Өлген адам қайтып бұл өмірге келеді ме? Өлген соң сөйлей алады ма?» осы сынды сұрақтар қоя береді. Мақсат қаншама рет не үшін бұлай сұрай беретін білуге тырысса да Шырайлым үн қатпады.
Қызымен өткен әр сағаты оның күмәнін арттыра түсуде. Бірнеше күнге әйелін төркініне жіберді. Қызын өзі шомылдырып жатқанда денесінің сау жері қалмағанын байқап ашу-ызадан жарыла жаздады.
Басын қабырғаға соғып бар даусымен айқайлап алды. Қызын құшақтай отырып еңіреп жылады.
- Қызым, кешірші мені. Құлыным мені кешір. Сенің осыншама азабыңды көрмей соқыр болып келгеніме кешірші. Маған бәрін айтшы қызым. Ол саған не істеді?
- Әке, ол мені өлтіретінін айтқан. Саған ештеңе айтқым келмейді.





Пікір жазу