16.03.2023
197
Өгей анам салған із - 9 бөлім
Оны іздеп барып үйінен таба алмады. Үстінен арыз жазғанмен еш нәтиже болмады. Қанша талпынса да таба алар емес. Бұл оқиғадан хабардар болған Жолдасхан ақыры әйелін ұлының қасына жіберді. Зәуреш немере қызының аянышты түрін көріп көз жасын бір сығып алды.
Біраз уақыт көмектесіп ауылдан Мақсатқа лайық жар тапқанын естіген бойда ұлын әзер көндіріп Өзбекстанға алып кетті. Сол жақта Мақсатты үйлендіріп шариғат бойынша неке қидырып жас жұбайларды Қазақстанға қайта жіберді. Алғашында тек қызына ана керек болған соң ғана үйленуге келіскен болатын. Иманы мен ақылы көркіне сай Салима әке мен қызының жүрегінен орын ала білді.
Алайда Шырайлымның қолында өгей анасы салған із мәңгілікке қалып қоя берді.
Соңы