16.03.2023
  388


Автор: Әсерлі әңгімелер

Анамның тағдырын қайталадым - 10 бөлім

Күндердің күнінде күйеуім үйге келді. Бұл жолы шыдамадым:
-- Маған ешнәрсе айтықыңыз келмей ме?
-- ...
-- мен сізге зат емеспін. Егер жасырып жүргеніңіз болса айтыңыз.
-- мен қазір жүк көлігін жалдап қойдым. Үйге... дей бергенінде есік қоңырауы басылды. Асқар барып есікті ашты. Екі кісі келіп, диванды шифонерді, кухняны бұза бастады.
-- Асқар менің артымнан келген заттарды неге бұзып жатыр. Олар біткенше жүр сыртқа сөйлесіп қайтайық.

Сыртқа шықтық.
Асқар:
-- Сенен бір нәрсені жасырдым. Және сол үшін кешірім сұраймын. Толық айтайын. Сөзімді бөлме. Менің әйелім бар, бір қызым бар. Сені тек тоқалдыққа алдым. Анама қарасын деп алдым.
-- Мен сізді сүйдім ғой, шын жүрегім мен сүйдім. Қатты жақсы көрдім.
-- Тоқта, менің әйелім бар. Екеуіңді бірдей жақсы көремін деп ойладым. Бірақ сен өз әйелімдей бола алмайды екенсің. Қазір үйіңе апарып тастаймын. Шешеңнен бір ауыз кешірім сұраймын.

Үйдегі жүк, киім бәрін жүк көлігіне салды. Содан соң көлікке отырдықта төркініме қарай жүре жөнелдік. Бардық та мені анамның қолына ұстатты. Жылауға да шамам жоқ. Ештеңе түсіне алар емеспін. Күйеуім, яғни бұрынғы күйеуім осылай мені үйіме әкеліп тастап кете барды.

Менің анамның тағдырына ұқсас тағдырым осы. Енді анам сияқты жарым жан ажырасқан біреуге тұрмысқа шығатын шығармын. Білмеймін. Әйтеуір қазір үлкен күйзеліске түстім. Мұндайды ешкімге тілемеймін.

Соңы.





Пікір жазу