16.03.2023
  335


Автор: Әсерлі әңгімелер

Анамның тағдырын қайталадым - 4 бөлім

Хатшы ретіндегі жұмысымды бастап кеттім. Әкем айтқандай жасанды дипломмен тұрдым. Бірақ оны ешкім білмейді. Білсе қатты айқайдың шығары сөзсіз. Бақытыма орай қатты қиналмадым. Қағаз толтыру. Бастыққа су, шәй, апарып беру. Барлығы мен ойлағаннан да оңай жұмыс екен. Көбісі "қайда оқыдың? Қандай универ? Нақты қай салада?" деген сұрақтармен басымды қатырды. Бірақ ашып ешкімге ешнәрсе айтпадым. "Қолым тимей жатыр" деген желеумен көбіне құтылып кететінмін.

Күнделікті жұмысымды бітіріп, қайтып бара жаттым. Бір көлік жаныма тоқтады. Өзі келісті келген денелі, ірі жігіт:
-- үйіңізге жеткізіп салайын?
-- рақмет, өзім жете аламын.
-- бөтен ойым жоқ. Қорықпаңыз.
-- Мазамды алмай әрі жүр. Мен сенен бөтен ойыңның бар жоғын сұраған жоқпын.

Әрі қарай автобусқа отырып кеттім. Өзі бір біртүрлілеу секілді көрінді. Бірақ расында қорықтым. Бөтен көлікке отыру тым ерсі көрінді. Үйге жеткенше жанымды шүберекке түйіп келдім. Неге екенін бір түрлі қорқып отырдым. Бірақ неге қорқамын? Күнде барып келіп жүрген жерім. Жігіттер қараса не болыпты, тым әдемімін. Қараса көз тоймайтындай Құдай ерекше қылып жаратты. Керісінше осындай ерекшелікке қуанып, шүкірлік етуім керек. Тым қорқудың қажеті жоқ, деп өзімді сабырға шақырудамын.

Үйге келдім. Келсем маған құда түсіп, бір бөтен ер мен әйел кісі келіпті. Бірақ жанында ешкім жоқ. Күйеу бала қайда деп, әкем сұрақтың астына алып жатыр. Олар болса, "Қазір, міне жолда екен" дейді. Әкеме қарап қоямын. Бөлмеңе бар дегендей басын бұрды. Дереу бөлмеме кіріп кеттім. Назира отыр екен. Одан не болғанын сұрай бастадым.

Жалғасы бар





Пікір жазу