Қайын ағасымен төсектес болған - 9 бөлім
Адамдардың бәрі бірдей емес екенін түсіне алмаппын. Менненде жағдайы мүшкіл жандар, біреулер арбамен жүріп жұмыс істеуде, қолы жоқ жандарда өз кәсібін жасап жүргенін көргенде, аяқ қолым бүтін бола тұра болмашы бетімдегі тыртықты желеулетіп жұмыс істемегенім үшін өз өзімді жек көремін.
Адамдардың тек жаман тұстарын көріп, олардың жақсы тұстарын елемегенім үшін өз өзімді жек көремін.
Өзімнің мінез құлқымды ой елегінен өткізбей үнемі өзгелерді айыптап, біреуді кінәлайтыным үшін өз өзімді жек көремін.
Бізді аш қалдырмау үшін күндіз түні тыным таппаған әке шешемді жазғырғаным үшін өз өзімді жек көремін.
Бұрындары менненде жағдайы жаман адамдар барын біліп, өзімді сол жандар мен салыстыра отырып тәубеме келіп шүкіршілік етіп жүруші едім. Алланың барын ұмытып, тәспімнен жаңылып, тура жолдан тайғаным үшін өзімді жек көремін.
Ақыл мен иманымды бойымнан жойып, нәпсінің құмарлықтың құрбанына айналғаным үшін өз өзімді жек көремін.
Қазір жолдасым мен жағдайымыз жақсы, ұлдарым болсада, сол бір қателігім үшін, және оны жолдасыма айта алмағаным үшін өз өзімді жек көремін.
Қанша тырыссамда бұл сезімнен құтыла алмадым.
Ал қайын ағама келер болсақ... Ол кісі әліде бізбен бірге тұрады. Дәрмені құрып, бетін әжім баса бастағанда жұмысы тоқырауға ұшырап, тұтынушыларынан айырылып, не бала жоқ, не әйелі жоқ. Есінен адасып, шын ұмыттыма, өтірік пе? Ол жағы бір Аллаға және өзіне аян, өткенін ұмытып, есінен алжасып, бір бөлмеде қамалып, қу тізесін құшақтап өмір сүріп жүр.
Соңы...