16.03.2023
  4997


Автор: 18+ жас

Қайын ағасымен төсектес болған - 8 бөлім

Тек жолдасымның ғана емес, ата анам бауырларымныңда жақсы тұстарын еске алдым. Адам өзі нені қаласа соны көреді деуші еді. Мен тек олардың ұрсып, жекірген сөздерін естіп, жаман тұстарын ғана елеп жүрген екенмін. Олардың бойынан тек жаманшылықты іздеп тұратынымды кеш түсіндім. Сол қателік маған үлкен сабақ болды.

Жолдасым келер кезде орнымнан тұрып, жарақаттарымды жақпамаймен бүркеп, өзімді ретке келтіріп, сүйікті асын дайындап күтіп алдым. Есіктен кіріп қарасы көрінген бойда мойынынан құшақтап, құлағының түбінде шын жүрегіммен "" кешірші мені "- дегенімді, оның көздері оттай жанып, не болғанын түсіне алмай сасқалақтап қалды. Бір емес себебін айта алмай жүз мәрте кешірім сұраған болармын. Аузымнан басқа сөз шықпай, өңешіме бір нәрсе тығылып, дем жетпей жүрегім қысыла бастады. Әрең дегенде есімді жиып, қалтырап дірілдеген қолдарым мен ас ауқатын бердім. Түн уақыты келіп, сағынышын білдіріп, денеме қолы тигенде, көзімнен жас субұрқақтай атыла кетті. Ол қаншама рет сұрақтың астына алса да, нш жауап бере алмадым. Не айтар едім? Сол күйі жабулы қазан, жабулы күйінше қалды. Әр түнде ол жаныма жақындағанда сол бір жиіркенішті түн көз алдыма елестеп, өзімді жек көріп кетемін. Бір неше минуттық қателігімнен өмірімнің соңына дейін жететін сабақ алдым.

Мені қоғамнан алыстатқан өзгелер емес өзім екенмін. Ел жұрт күлсе болды өзімді қапасқа тығып алып шықпай жатушы едім. Ел айтса не болыпты?" Ит үреді керуен көшеді"- деуші еді..Мен сол иттердің үргенінен қорқып, керуенімді бір қуыста қалдырып қойған секілдімін. Олар келеке етіп күлгені үшін өзімді көп дүниеден оқшаулап, бар қызықтан құр қалып, соны сылтауратып жұмыс істемей үйде жатып алып Абай атамыз айтқандай қарнымның тоқтығы, жұмысымның жоқтығынан шайтанның арбауына түсіп қалғаным үшін өзімді жек көремін.





Пікір жазу