Қайын ағасымен төсектес болған - 7 бөлім
Бұрындары айнаға тек бетімдегі күйіктен қалған дақтар мен тыртықтар үшін қараудан қашушы едім. Сол күні үлкен айнаның алдына өз-өзім мен бетпе бет келіп өзіммен тілдестім.
- Сен кімсің? Қандай адамсың өзің? Нәпсіңді жеңе алмай осындай лас әркетке барғаның қалай? Бұрындары Алладан жақсы жар сұраушы едің. АЛЛА ТАҒАЛА оны саған сыйлады. Ендеше сол адал жарыңа неге қиянат еттің? Оның жанарына сені сүйген мөлдір таза көздеріне қалай тіке қарайсың? Оның құшағында жатып, осы әрекетің үшін ұялмайсың ба? Неге? Саған не жетпеді? Кеше ғана арсыз, тексіз, надан санап жүрген әйелдерден сенің айырмашылығың қалды ма? Айтшы? Осы сұрақтарға жауап бере аласың ба? Жо - жоқ. Сен бұл әрекетіңді ақтай ала алмайсың. Енді сол бір сәттік ләззат үшін, өміріңнің соңына дейін өз ар ұятың мен күресіп өтуге мәжбүрсің.
Айнадағы өз бейнемнен жиіркендім. Айнаны қиратып майдалап сындырдым, айналамның ойпан тойпанын шығарып, құтырған мақұлыққа айналдым. Үстімнен екі сағат бойы мұздай суды құйып жуынып шайынсамда, өзімді лас харам сезіне бердім. Өз - өзімнен жек көріп жиіркене бастадым . Өзімнің денемді тырнағым мен осып, шашымды жұлғанымды бір екі сағат өтіп тынышталған соң ғана байқадым. Денемнің бәрін жарақаттап тастаған екенмін. Бірақ ол жарақаттардың ауырғаны жан азабымның қасында түкке тұрғысыз еді. Неге ол әрекетке барғанымды өзім түсіне алар емеспін. Жан жолдасымның маған айтқан әр - бір жылы лебіздері есіме түсіп, жан азабы одан әрі өзегімді өртей түсті. Өзімді өлтіругеде оқталдым. Бірақ қолымнан келмеді.
Ол келсе оған қай бетім мен қараймын? Екі күн бойы төсектен тұрмай жолдасымның әр бір қылығын еске алып, маған деген махаббатын сезініп жылау мен болдым. Әттең осы сезімдерді қателікке бой алдырмай тұрып ұқсам ғой шіркін.
Жалғасы бар.