16.03.2023
  7465


Автор: 18+ жас

Қайын ағасымен төсектес болған - 6 бөлім

Сол екі күн менің өмірімдегі орны толмас қателікке бой алдырып, ақылымнан адасып, өз - өзімді жек көруіме себепкер болған күн. Өкінгеннен не пайда? Өткенім қайта келіп, қателігімді түзей алмасам. "Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді"- дегендей, өзім жылтыңдап қайын ағама көз сүзіп, алдынан ары бері, қалауымды іс қимылым мен білдіргендей болып кесе көлденең өте бердім. Олда мені көп қийнаған жоқ. Бұл істің маманына айналған қайын ағам мені бірден түсіне қойды. Жуынатын бөлмеге кіріп есікті ашық қалдырғанымды байқаған қайын ағам артымнан еріп кіріп келді.

Бірден беріле кетпей, аздап назданып үн қаттым.

- Мұныңыз не? Шығыңыз бөлмеден.

- Қойшы келінжан. Сенің көксегенің осы емес пе? Ендеше неге тартынасың? Кәне кел.


- Не айтып тұрсыз? Кетіңіз.

- Сенің өтірік айтып тұрғаның көзіңнен-ақ көрініп тұр. Қысылма. Кәне жақында маған.

- Жо- жоқ. Өтінем кетіңіз.

- Тәнің неткен сұлу еді. Тұла бойыңда бір мін жоқ. Кәне келші құшағыма....

Осындай адамды баурап алатын, жылы сөздері мен, мені одан әрі ақыл есімнен айыра түсті. Қайын ағамның құшағына құлай кеткенім есімде, одан кері ес жиғанымда бәрі кеш еді. Не бүлдіргенімді өзім сол кезде бірақ ұқтым. Қайын ағам өз ісін бітірді де қайырылып артына бұрылмай бөлмеден шығып кете берді..
-Сіз не істедіңіз? Не бүлдірдік?

- Мен не істесем де, бәрі сенің қалауың мен болды. Менің жазығым не? Өзің емес пе осыны қалаған?

Ия ол кісінің сөзінің жаны бар. Өзім ғой осылай болуын қалаған. Біз адамдар қызықпыз ғой. Өзіміз кінә істей тұра, біреуді айыптауға дайын тұрамыз. Ешқашан кінәні өзімізден іздемейміз.





Пікір жазу