Қайын ағасымен төсектес болған - 5 бөлім
Алғашында дыбысын естісем жыным ұстап, ашудан жарылардай болатын әйелдердің дауысы ендігі кездері құлағыма майдай жағып, ақылсыздыққа бой алдырып, нәпсімді арым, ақылым тежей алмай өзімді солардың орнында сезінгім келе бастады.
Алладан безген сорлы бейбақтар"- деп, атап жүрген әйелдердің тізіміне өзімнің қалай кіріп кеткенімді түсіне алмай қалдым. Қайын ағамды көрсем делебем қозып, құмар қысып, ақылынан айырылған адамдай, өз іс әрекетімді тізгіндей алмай беймәлім күйге еніп, тұла бойым балқып, шекемнен терім сорғалап кете беретін күнге жеттім..
" Ағаң секілді кішкене мақтау сөз айтсаң болмайды ма? Ағаң секілді.... Ағаң секілді... "- деп, нағыз жанашыр ер азаматымды, ессіз ер емес, ез ағасымен салыстырып, күндіз түні миын жеп, өзімнің ақымақтығымды түсіне алмай жүрген күндерім есіме түссе, өз - өзімді қамшымен осып осып жібергім келеді. Барды бағаламай, есі кеткен ессіздерге еліктеймін деп өз ақыл - есімнің қайда кеткенін ұғына алмай қалдым.
Шайтанның арбауы ма? Әлде өзімнің көрсе қызар нәпсімнің жеңістігі ме? Әйтеуір жолдасым жоқ болса бөлмеге тығылатын мына мен, ендігі кезекте ол жоқ болса етек жеңімді қысқартып, қайын ағамның көзіне түсу үшін әбігерге түсетін болдым. Кейде тіпті оның үйге келмегенін қалаған кезімде болды. Жындының сандырағы келеді деп, жолдасым біреудің жүгін артып екі күнге басқа қалаға сапарға кетті. Сол кезде ессіз адамдай қуандым ау шіркін. Оның келмесін біліп, нәпсімнен бір жола жеңіліс тауып, арым, ақылым бәрі бір демде жоқ болды. Есіл дертім, әлгі бақытқа шаттыққа бөленген әйелдердің орнында бір сәт болып, қайын ағамның құшағында болу болды. Еш уақытта мені жалғыз қалдырмау үшін өзге қалаға іс сапармен бармайтын жолдасымды, менің пейілімді байқап шайтан алып кеттіме білмеймін әйтеуір, арам ниетімді жүзеге асыруға барынша тырыстым.