16.03.2023
  10570


Автор: 18+ жас

Қайын ағасымен төсектес болған - 4 бөлім

Ал қайын ағамның жүрісі түсініксіз. Не жұмыс істейтінін білмеймін, әйтеуір күнде түрлі киім киіп, әтірді сеуіп үйден шығып кетеді. Түн ортасында үйге боянған сыланған бір әйелдерді ертіп келеді. Ертеңіне түске таяу әлгі әйелдер жуынып, шайынып артын жинамай кете береді.
"Көп көрген үйренеді, Көп білген сый көреді"- демекші, бұл жағдайғада етім үйренісе бастады. Баяғыда атам үнемі айтып жүруші еді" Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа "- деп. Қазір сол ақшаға сатылмайтын дүниенің өзі қалмаған секілді. Ақша адамға не істетпейді шіркін?! Сол ақшаны алғанша қайын ағам әлгі тұтынушыларына балын тамызып, ұйқастырып, сөздің сәнін келтіре отырып неше түрлі мақтауларды жауғызады. Сол сөздерді туған бауырына айтуға ауызы бармасы анық. Ақша жүрген жерде, ұялу, қысылу деген сезімнің болмасы белгілі болар баршаңызға. Кейде ана әйелдердің дауысын естігенде айдалада жүрген мына мен ұяттан өртене жаздап, екі бетім алмадай болып қызарып, әйел болып туғаныма өкініп кететінмін. Амал жоқ бұл дауыстарға жолдасым өзімізге үй тұрғызып біткенше шыдауға мәжбүрмін. Тіпті болмаған соң бөлек пәтер жалдап көрдік. Бірақ жолдасымның табысы пәтер ақы, азық түліктен артылмай, үйдің құрылысына ақша жинай алмаған соң, мәжбүрлі күйде жын ойнаққа қайта көшіп келдік. Көбірек табыс тауып, үйді ертерек бітіріп бөлек шығу үшін Асқар күн түн демей тыным таппай жұмыс істеп жүрді. Мен де жұмысқа шығып көрдім. Бірақ адамдардың көз қарасы, түрлі пікірлерді көтере алмай жылап сықтап жүргенімді көріп Асқар үйге отырғызып қойды. Бәленің бәрі де осы кезден басталды. Жолдасым біздің болашағымыз үшін тыным таппай шаршап шалдығып жүрсе, мен сорлы оны түсінбеген екенмін. Әуестікпе, әлде ессіздік пе, қайын ағамның қызметіне риза болып, шаттықтан дауыстары жарқын шыққан әйелдерге еліктеп, маған көңіл бөлуге уақыты жоқ жолдасыма ренжіп сондағы демалатын бір екі сағат уақытын ұрыс керіспен өткізіп маза бермей қоятынмын. Алғашында дыбысын естісем жыным ұстап, ашудан жарылардай болатын әйелдердің дауысы ендігі кездері құлағыма майдай жағып, ақылсыздыққа бой алдыра бастадым.





Пікір жазу