Қайын ағасымен төсектес болған - 3 бөлім
Кейде өмірден түңіліп кетемінде, меннен де жағдайы нашар адамдарды көз алдыма елестетіп шүкіршілік ететінмін. Аллаға тәубе аяғым, қолым бүтін. Жүре алмайтын, көре алмайтын адамдардың барын ойлап,, тәубеме келуші едім. Есейе келе өмірім тамырынан үзілген солып құрап қалған гүлдей, мәнсіз бола берді. Менімен ешкім достасқысы келмейді. Бір екі жақын құрбым бар болатын. Өзгелер оларды ""қотырбеттің құрбысы "" - деп келеке ете берген соң, олар мен де достығымыз соңына жетіп, жолдарымыз екі айырылды. Мына кең дүниеде жападан жалғыз қалғандай күйде жүрдім. Сегізінші наурыз мерекесінде қыздардың құшағы гүлге толса, мен сол кітап толы сөмкемді құшақтап қайтушы едім. Өзгелер әр мерекені күтіп, күн санап жүрсе, мен мерке күндердің болмағанын қалаушы едім. Өйткені айналамдағы адамдардың барлығы сый сыяпатқа бөленгенін көріп, жанарым жасқа толып, өзімді өзгелерден кем санап мұңайып қалушы едім. Жапандағы жалғыз досым, сырласым, мұңдасым бір Тәңірім ғана болды. Әр түнде тәңірден маған бақыт бұйыртуын сұрап жалбарынып екі қолымды жайып дұға жасаушы едім. Жаһандағы жан баласынан мейірім, махаббат сезінбеген соң, өзімде тас жүрек қатыгез жанға айналдым. Мектеп бітіріп, бойжетсемде мені сүйер, қасымнан табылар бірде бір ер азаматты кезіктіре алмадым. Әрине ішкі жан дүниесіне емес сыртқы сұлулыққа мән беретін мына заманда маған кім қарайды дейсіз? "Тең теңімен, тезек қабымен"- дегендей, өзім секілді жалғыздықтың дәмін тартқан, әке - шешесінен ерте айырылып, қиындық пен күресіп өскен, ауылдағы Асқар есімді жігіт танысуға ұсыныс білдіріп, қырындай бастады. Құдайдың қалауы осы болар, әрі мені жағдайы менімен ұқсас адам ғана түсіне алар деген сенім мен Асқарға тұрмысқа шықтым. Бетінде тыртығы бар жұрт айтқандай өзім секілді қотырбет болса да, жүрегінде мейірімі, иманы бар жолдасымнан жылулық сезініп өмірге деген көзқарасым аздап өзгере бастады. Асқардың Асқат есімді жалғыз ағасы бар. Үшеуміз бірге тұра бастадық. Екеуі бір анадан туған мен мүлдем бөлек екі әлемнің адамы. Жолдасым еңбек сүйгіш, кез келген жұмыстан қашпайтын, бір түйір нанын адал еңбекпен табатын жан. Жалғасы бар