Қайын ағасымен төсектес болған - 2 бөлім
Мектептегі бір ағай көмектесіп көлігі мен анам екеумізді ауылдағы кішігірім ауруханаға жеткізіп тастады. Дәрігер бетіме, ішіме бірдеңелерді жағып, аздап ашығаны қоя бастады. Бір параққа бір неше жақпамайларды жазып, анамның қолына ұстатты. Екеуміз жаяулата үйге қайттық. Жол бойы адаидардың бірі күліп мазақ етсе, бірі аяп жанымыздан өтіп жатты. Жолай анам дәріханаға соғып әлгі жақпамайларды алып шықты. Үйге кіреберіс бөлмеде қабырғада үлкен айна ілулі тұратын. Аяқ киімімді шешіп басымды көтергенде айнадағы құбыжықты көріп шошып кеттім. Ол бейне менің өзімнің түрім екеніне сенгім келмеді. Төбемнен найзағай түскендей күй кештім. Сол күннен бастап «қотырбет»- атандым. Айнаға қарағым келмейді. Сыныптастарым, өзім мен қатарластардың бәрі келеке етіп, әр күн сайын үйге жылап қайтушы едім. Бұрындары үйден қашып мектепке барғанша асықсам, енді мектепке бармау үшін түрлі сылтау іздей бастадым. Дүние көзіме тар көріне бастады. Айналамдағы адамдардан өзімді оқшаулай бастадым. Мені жастайымнан жұмысқа салған ата- анама деген өкпем қара қазандай болды. Әр түн сайын:
⠀
«- Неге өмір соншама қатыгез?
-Неге біздің жағдайымыз өзгелердікіндей емес?
⠀
- Неге мен өзге балалар секілді ойнап күліп жүрмеймін?
⠀
- Неге әке- шешем мені еркелетіп, жанға жылу сыйлайтын сөздер айтпайды?
⠀
- Неге, неге неге»- осы сұрақтарға жауап таппай ұйқыға кететінмін. Тіпті ұйықтап жатсам да түрлі түстер көріп шошып оянатынмын. Не күнім, не түнім жайлы тыныш өткен емес. Балалық шағым бақытқа емес мұңға толы болып өте берді. Ініне тығылған мақұлықтай өмірім бір қалыпта мәнсіз, мағынасыз жалғасын таба берді.
Жалғасы бар