16.03.2023
  9525


Автор: 18+ жас

Қайын ағасымен төсектес болған - 1 бөлім

Мен бұл құпияны өзім мен бірге көрге алып кетермін деп ойлаған болатынмын. Алайда біреуге шерімді тарқатпасам ішімде атом бомбасы секілді жарылатын түрім бар. Білемін мұны оқып біріңіз ұрсып қарғап сөгесіздер. Сондада айтқанды жөн көрдім. Мен үйдің үлкен қызымын. Жастайымнан жоқшылықты көріп, азабын тартып өстім. Бір күн қара суға нан батырып жесек, бір күндері аштан аш ұйықтаған кезімізде болды. Әкем мектепте қарауыл, анам болса мектептің еденін жуады. Екеуіде таңнан кешке дейін жұмыста. Менен кейін екі сіңілім, екі бауырым бар. Анам төрт бауырымды маған аманаттап тастап кетеді. Өзім не бәрі он жастағы қызбын. Өзге балалар ойын қуып мәз мейрам болып жүргенде, мен су тасып, от жағып, кір жуып жүруші едім. Оларға қызыға да қуанада қарап таманып қойғаннан басқа амалым жоқ болды. Сол тірліктің бәрін істегенім мен қойиай, төрт бауырым бірдеңені бүлдірсе үнемі мен жазаланушы едім. Анам не әкем бір рет болсын «жарайсың қызым »- деп басымнан сипап мақтаған емес. Еш бір адамнан мейірім көрмей, жылулық сезінбей өстім. Кейде бәріне қолымды бір сілтеп өте алыс жаққа қашып кеткім келетін. Бірақ қайда? Қалай?. Еш амалсыз солай күнім өте берді. Бір күні кенже інім ауырып қалды. Анам егер дене қызуы көтерілсе «парацетамол бер»- деп дайындап, бауырларым дәрілерді алып жеп қоймас үшін жоғарыға қойып кетті. Анам кеткен соң інімнің дене қызуы көтеріліп қатты күйіп жана бастады. Анам айтқандай дәрілер тұрған қорапты алып парацетамол бермек болдым. Орындыққа мініп дәрі тұрған қорапқа әрең қол жеткізіп тартып жатқанда қораптың жанында тұрған сірке суы (уксус) маңдайыма тарс етіп түсіп кетті. Қақпағы дұрыс жабылмаған ба білмеймін бір сәтте көзімді аша алмай, бетім ішім бәрі оттай күйе бастады. Шыдай алар емеспін. Дереу барып мұздай суды бетіме құя бердім, құя бердім. Көзім кішкене болсын ашылып жалаңаяқ мектепке анама қарай жүгірдім. Мені көріп бүкіл мектеп қызметкерлері топырлап жиналып қалды. Анам болса жылап жіберді. Әкем сұранып бауырларыма бас көз болу үшін үйге кетті.
Жалғасы бар.





Пікір жазу