16.03.2023
  94


Автор: Қадір түні

Қадір түнінің белгілері қандай?

Қадір түнінің өзіндік белгілері бар.



  • Бірінші белгісі – ауа райының бірқалыптылығы. Жел баяу соғады. Мұхаммед пайғамбар: "Қадір түнінде аспан ашық болады. Ыстық та, суық та болмайды. Күн қызыл болып шығады" деген.

  • Екінші белгісі – сол түнді құлшылықпен өткізген адамның жүрегінде тыныштық орнайды. Жаны рахат бір сезімді бастан кешеді. Себебі, періштелер жерге түсу арқылы пенделерге мейірбандықты әкелген еді.


Убада ибн Самиттен Мұхаммед пайғамбардың Қадір түнінің белгілері туралы: "Қадір түнінің белгісі, оның – тұнық әрі жарық, ал айдың ол түнде бейне бір жарқырап тұрғандай болатыны. Ол түн тыныш және жайлы, суық та емес, ыстық та емес. Бұл түні таң атпайынша, жұлдыздардың лақтырылуына рұқсат берілмейді. Және бір белгісі – таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді", – деп сипаттағаны риуаят етілген.





Пікір жазу