16.03.2023
  70


Автор: Қадір түні

Қадір түнінің ерекшеліктері қандай?

Қадір түнінің мағыналарымен қоса басқа түндерден ерекшеліктері де бар:



  • Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрімнің түсірілуі;
  • Ұлық түн. Басқа түндер Қадір түніне сәйкес келмейді;
  • Құлшылық түні. Қадір түні тұтас бір ғұмырды қамтитын қасиетке ие;
  • Бұл түнде шайтандар болмайды;
  • Періштелердің бәрі, Жәбрейілдің өзі Алла Тағаланың қалауы бойынша жерге түсіріледі;
  • Бұл түнде амандық, тыныштық салтанат құрады. Әсіресе, иманды адамдар жамандық атаулыдан аулақ болады;
  • Бұл түн – береке кеші;
  • Иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлар кешіріледі;
  • Бір жылдық тағдыр жазылады.

Қадір түнінің нақты қай күні болатыны жасырылғандықтан бұл түннің өзіндік белгілері бар:

Ауа райының бірқалыптылығы. Жел баяу соғады. Ол түні ай жарық болады;
Сол түнді құлшылықпен өткізген адамның жүрегінде тыныштық орнайды. Жаны рахат бір сезімді бастан кешеді. Үбай ибн Кәъб (р.а) айтқандай, ол күннің таңында атқан таң өткір сәулесіз болады;
Иттер шуылдамайды, есектер ақырмайды;
Нұр байқалады;
Кей адамдардың сол түні дұғалары жылдам қабыл болады




Пікір жазу