16.03.2023
  165


Автор: Қадір түні

Неліктен бұл түн Қадір түні?

Қадір түні араб тілінен аударғанда (ليلةُ القدر – ләйләтул-қадір) – қасиетті түн деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімге түсініктеме жазған мәшһүр ғалым Ибн Кәсир "Қадір" сөзінің төмендегідей үш мағынасы бар екенін айтып өтеді:


"Қадір" сөзі "үкім түні" мағынасын береді. Бұл түнде келесі жыл істерінің тағдыры жазылады делінген. "Абырой, бедел" мағынасы бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы дегенді білдіреді. "Сығылысу" мағынасы бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне түскеннен соң, жердің тарлығынан сығылысады дегенге саяды.


 


Бұл түн Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде болады, яғни он түннің біріне жасырылған дейді. Ал 27-түн – Қадір түні болуы ең ықтимал түн.


Бұл түнде қасиетті Құран Кәрім түскен. Осы түні жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болуына байланысты мұсылмандар Рамазан айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізуге тырысады.





Пікір жазу