16.03.2023
  220


Автор: Ораза

Аузы берік адам темекі тартса ораза бұзылады

Үкім: Шындық. Темекі шегіп жүрген кісіге "ораза ұстама" деп айта алмаймыз. Алайда, аузы берік бола тұра темекі тартқан кісінің оразасы бұзылады.* Ол кісі рамазан айын темекі тастауға тамаша мүмкіндік деп біліп, бұл әдетінен арылтуға тырысуы керек. Осы тұрғыда кей қандастарымыз "темекі қанымызға сініп кетті, оны тастай алмаймыз" дегенді алға тартып жатады. Бірақ шын ниет етіп, шылымға жоламауға бел буған адам оңай тастап кететіні күмәнсіз. Өйткені, Алла тағала Құранда "Шынында бір қауым өзін өзгерпейінше Алла оларды өзгертпейді…"**  – дейді.  Яғни, біз боймыздағы жаман әдеттерден арылуға ұмтылмасақ, оның өз-өзінен кетуі екіталай. Ендеше, темекі тартуды әдетке айналдырған кісілер осы рамазанда тақуалыққа бет бұрып, темекіні тастауға ықылас білдірсе, тастау оп-оңай. Себебі, "Кім Алладан корқып сақтанса, оған шығар бір жол пайда болады"*** дейді Алла.


*Хашияту Ибни Ғабидин, Китабус Сиям.


**Рағд сүресі,  11 – аят.


***Талақ сүресі, 2-аят






Пікір жазу