24 наурызда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін әлемнің көптеген елінде Халықаралық күйзеліспен күрес күні аталып өтіп жатыр. Бұл күннің пайда болу тарихына қатысты нақты деректер жоқтың қасы Мерекенің мақсаты – қоғам назарын жан саулығы проблемаларына аудару. Күйзеліске қарсы күрес күнін атап өту идеясы бірқатар елдің медициналық топтарында кеңінен қолдау тапты. Бұл күні біраз адам күйзеліспен байланысты мәселелерден хабардар болады. Бүгінде әлемде 350 миллион адам күйзеліспен күресіп келеді. Халықаралық күнді атап өтудің жолдары көп: сүйікті комедияңызды көріп, немесе көңілді музыка тыңдауға болады, не болмаса достарыңызбен орманның таза ауасымен тыныстап, серуендеп қайтыңыз.
2010 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 24 наурызды Адам құқықтарының өрескел бұзылуы және құрбандардың абыройына қатысты ақиқат орнату құқығының халықаралық күні ретінде бекітті.
Бұл дата Сан-Сальвадор архиеспископы Оскар Арнульфо Ромеро-и-о Гальдаместің құрметіне таңдалды. Монсеньер Ромеро кедейлік, әлеуметтік теңсіздік, кісі өлтіру мен азаптауға қарсы күрескен адам. Осы көзқарасы үшін талай рет радикалды ағым жақтастарынан қысым көріп, ақыр соңында солардың қолынан көз жұмды. Бұл 1980 жылдың 24 наурызында болған еді.
Сондай-ақ, бүгін – Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес күні. Бұл дата 1982 жылдан бері аталып өтеді. Халықаралық туберкулез және өкпе ауруларымен күрес одағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп мерекені бекіту бастамасын көтерді. Дәл осы 24 наурызда Р.Кох 1882 жылы туберкулез таяқшаларын ашқан еді. Әлемнің көптеген елі Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған акцияларға қатысса да, статистика бұл шаралардың мардымсыз екенін көрсетіп отыр.