15.03.2023
  398


Автор: Гүлім Омар

Жақсы көрем сені, КӨКТЕМ!

Күлімдеп көктегі күнді күлдіргенің үшін,
Көздерге қуаныш нұрын ілдіргенің үшін,
Күннің ғана емес көңілдің жылылығын білдіргенің үшін -
Жақсы көрем, сені Көктем!

Сəуле боп өмірге шуақ төккенің үшін,
Самал боп бетімнен жай ғана өпкенің үшін.
Сарғайып жылылық іздеген сəтте асығып жеткенің үшін -
Жақсы көрем, сені Көктем!

Жайнаған жасыл түсті көп жинағаның үшін,
Жарқын сəт əрбір жүрекке сыйлағаның үшін,
Жарқыраған жан жылуын сезінуден жүректі тыймағаның үшін -
Жақсы көрем, сені Көктем!

Шұғыла шашқан əрбір ақ таңдарың үшін,
Шалқыған сəттері басым ерекше таңдауың үшін,
Шынайы шаттық сыйлаған





Пікір жазу