13.03.2023
  98


Автор: 365 күн

20 наурызда әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Бүгін Халықаралық еттен бас тарту күні аталып өтеді. Бұл күні сауда орындары, азық-түлік мекемелері ет сатпайды. Қоғамдық қорлар мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдері, жануарларды қорғаушылар флешмобтар мен акциялар өткізеді. Олар вегетарианшылық, жануарларға ізгілікпен қарау, экологияны қорғау идеяларын таратады.

Зерттеушілердің айтуынша, адамзат жыл сайын суды мекендеушілерді есепке алмағанда, 60 миллиард жануарды өлтіреді. Мал шаруашылығы атмосфераға көліктен 20% көп "парниктік газ" шығарады.  

 Сондай-ақ бүгін бүкіл әлемдегі терісінің түсі мен материалдық байлығы әртүрлі көптеген адамды біріктіретін Халықаралық бақыт күні аталып өтеді. Мұндай мерекені енгізу бастамасын алғаш болып Бутан деп аталатын шағын таулы елде тұратын әлемдегі ең бақытты адамдар көтерген.

БҰҰ-ның шешімімен адамзат бұл мерекені 2012 жылдан бастап атап өтіп келеді. Ол Жалпы Ұлттық Бақыт немесе Happy Planet Index коэффициентіне негізделген, себебі оның көмегімен Жер шары тұрғындарының ұлттық әл-ауқаты өлшеніп, әлемдегі елдерде қоршаған орта қаншалықты қолайлы екені анықталады. Халықаралық бақыт күнінің мақсаты – бақыт бейбітшілік пен келісімге бастайтын адамзаттың басты ұмтылысы екенін көрсету.

 Бүгін ғаламшарымыз Халықаралық астрология күнін атап өтеді. Астрология – бүкіл әлем қызығушылық танытатын тұтас ғылым. Көптеген адам оған сенім артып, жұлдыздардан қалай әрекет ету керектігін сұрайды. Астрология жаппай қолданыла бастағанына көп уақыт өте қойған жоқ, бірақ ол жыл сайын танымал болып келеді.

Мерекенің күні мен айын қалай анықтаған? Барлығы өте қарапайым – астрологтардың мерекесі көктемгі күн мен түннің теңелуіне дәл келеді. Осы күні астрологиялық жыл басталады. Он жыл бұрын Батыстың астрологтары 20 наурызда Астрология күнін тойлауды ұсынды





Пікір жазу