10.03.2023
  490


Автор: Серік Қарабеков

Заман оты қайнатуда.

Заман оты қайнатуда,


Қоғам дейтін бір-қазан.


Қара күйе жағылмаған


Сол қоғамда аз адам.


Бір басылып,


Бірде тасып қайнаймыз


Қан,дәміміз бір болғанмен


Ниетіміз алуан.


Құран сөзі татымды-тұз


Көбімізкі көпірік


Уақыт-ожау сапырады


Көпірікті кетіріп.


Заман оты сөніп болып,


Төңкерілсе сол қазан


Іс қалады,өкінтердей


Әттең өмір дегізіп.


 


Серік Қарабеков.





Пікір жазу