08.03.2023
  568


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Құдай берген сыйымсың!

Сен бір ғайып болар елессің,


Сен армансың!


Сен шабытсың!


Махаббатқа үйреткен періштесің


көктесің.


Сен мөлдірсің!


Ғашықпысың сырымсың,


Зулап өтер мына дүниеде уақытсың.


Ғасырлық ғашығымсың сен менің,


Қолдан ұшқан көгершінім көктегім,


Елессің-сен жоқ боларсың бір күні.


Болмағандай өмірімде сан-түрлі.


Сен сұлусың, сен тәттісің, кітапсың!


Сырлары көп жазылмаған дастансың!


Поэзиясың орын алған жүректен,


Ақыл-ойсың санама ой кіргізген.


Туылмайды! туылмайды сендей жан!


Сендей адам болмайды өмірде қайтадан.


Аққан жұлдыз сыңарымсың көктегі,


Көктем болып жүрегіме еккелі,


Керек емес басқа ару қайтадан.


Саған қайта ғашық болам,көрген сайын


айнадан.


Ақылымсың ой-сананы басқарған,


Ғашығымсың бар әлемге жар салған,


Бір міні жоқ иілген тал-шыбықсың.


Іште өлген түнерген бір мұңымсың,


Орындалмас арманымсың гүлімсің,


Өміріме Құдай берген сыйымсың!


 





Пікір жазу