08.03.2023
534
Тәңірдің өсірген гүлі
Көркіңе ғашық болғанмын,
Кіндігім кесілген күні.
Шырағым, шырағың ана,
Шығарма есіңнен мұны.
Аяулы аналар екен,
Тәңірдің өсірген гүлі!
Көздерің киіктей көркем,
Жайдары жадырап жүрші.
Жаулығың жасырған жастық,
Жабырқау жаныма сыншы.
Жаратқан жалғыз тілегім,
Аналар ауырмасыншы.
Құлындай құлдыраңдаймын,
Барлығы бала сырым ба!?
Тірексің ғұмырнамамда,
Тілекшім, жанашырымда.
Ғаламның жұмбағы жатыр,
Анашым қарашығыңда.
Самайға ақ түсіреме,
Бұлданса сынақтың бұлты.
Табаның тектілік білем,
Жанарың бұлақтың ғұрпы.
Ананың махаббаты бар -
Жүрек қой жұмақтың кілті!