08.03.2023
247
ХАНШАЙЫМ
Мен қалай көңіліңді таба аламын-ай?!
Қаншама сезімдерді табаладың-ай.
"Келсін" дейсің бе?! Менсінбейсің бе?!
Ішіңнің құпиясын көріп білер ме?!
Сенен де кезігерміз көріктілерге.
Көзге ілмейсің бе?! Өзгермейсің бе?!
Қ/Р
Талғамың сенің тау сынды биік пе?!
Шыдамым менің таусылды сүйіп те.
Жүрегімді жараладың демеші,
Түспеші тәкапар кейіпке!
Моншақтай еді мөп-мөлдір жанары,
Қарапайым бір кездерің бағалы.
Құлай сүйіп ұнатпайсың өзгені,
Қиялың қай жаққа барады!
Өзгеге қызғандырып қарағаның-ай,
Сен мені бақытыңа баламадың-ай!
Таңдап жүрсің бе?! Алдап жүрсің бе?!
Ақбоз ат мінген жанды армандайсың ба?!
Жаңылып таңдауыңнан алданбайсың ба?!
Ән-жыр едің-ай! Жанжүрегім-ай!