07.03.2023
  127


Автор: Намаз

Салауат

Салауат — Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) есімі аталған кезде арнайы айтылатын дұға атауы. Салауат Құран Кәрімдегі бұйрық бойынша пайғамбарға жарылқау, құрмет, құттықтау, дұға тілеу мағынасында арнайы жасалатын құлшылық түрі. Ислам ғұламалары салауат айтуды шариаттың шарты ретінде бекіткен. 


Әбу Ханифа мазхабында әр намаз оқылғанда пайғамбарға салауат айтуды сүннет үкіміне жатқызады.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім маған күніне 100 рет салауат айтса, Алла соның қажетін ашады»-деген.


 



  • «Аллаһуммә салли алә сәиидинә Мұхаммәд»

         Мағынасы: Оған және отбасына  Алланың игілігі мен сәлемі   


         болсын.


 



  • «Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм»

Мағынасы: Алланың оған салауаты мен амандығы болсын.


 



  • «Аллаһуммә салли ‘алә сәййдинә Мухаммәдин уә ‘алә әәли сәййдинә Мухаммәдин кәмә салләйтә ‘алә сәййдинә Ибраһимә уә ‘алә әәли сәййдинә Ибраһимә иннәкә хамиидун мәжиид»
    Мағынасы: «Уа, Алла тағалам, хазреті Ибраһимге (ғ.с.) және оның отбасына салауат еткеніңдей (мейірімің мен разылы-ғыңа бөлегеніңдей) хазреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) және оның отбасына салауат еткейсің. Шын мәнінде, Сен бар мақтау мен мадаққа лайықсың әрі ең Ұлысың!».

 



  • «Аллаһуммә бәәрик ‘алә сәййдинә Мухаммәдин уә ‘алә әәли сәййдинә Мухаммәдин кәмә бәәрактә ‘алә сәййдинә Ибраһимә уә ‘алә әәли сәййдинә Ибраһимә иннәкә Хамиидун Мәжиид».
    Мағынасы: «Уа, Алла тағалам, хазреті Ибраһимге (ғ.с.) және оның отбасына береке бергеніңдей, Мұхаммедке (с.ғ.с.) және оның отбасына да береке бере гөр. Шын мәнінде, Сен – бар мақтау мен мадаққа лайықсың әрі ең Ұлысың!»

 





Пікір жазу