06.03.2023
  96


Автор: Әбілқайыр Мәдиұлы

БІРГЕ ОҚИТЫН АДАМДАР ТАБУ

Демек, қызық емес кітапты 100 метрге жүгіру әдісімен қопарып оқуға болмайды ма? Болады. Бірақ серік керек.


 


Есімде, "Нұр-мүбәракта" оқып жүргенде бір кітапты таңдап алып, дөңгеленіп отырып кезек-кезек бес беттен дауыстап оқитынбыз. Біреу оқиды, басқалар кітапқа қарап, еріп отырады. Сосын келесі жігіт 5 бет оқиды. Күніге осылай 40 бетке дейін оқиды екенбіз.


 


Көппен оқудың тағы бір үлгісі: көршілермен кітап сағатын белгілеп, соны әдетке айналдыру. Бір уақыттары Джона Лерердің "Как мы принимаем решения?" деген кітабы солай аяқталды. Күніге сағат сегізден, тоғызға дейін бәріміз бірге отырып, кітап оқитынбыз. Әркім өз кітабын оқи береді.


 


Үшінші үлгі: тамақтан соң шай ішіп отырып бес бет дауыстап оқу. Бір адам оқиды, қалғандары шәй ішіп, тыңдап отыра береді. Жәй, қосымша ретінде. Біз солай күніге 5 беттен оқып отырып, бірнеше кітап бітірдік.


 


Көпшілікпен оқудың бір жақсы жері - күш жігерге оңайырақ келеді. Біреуі шаршап тұрса, екіншісі тартып кетеді





Пікір жазу