04.03.2023
  129


Автор: 365 күн

   7 наурызда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін әлемде телефон аппаратының туған күні аталып өтеді. Телефон – қазіргі заманда әр адам пайдаланатын байланыс құралы, дегенмен оның ең алғашқы кезде қандай болғанын көп ешкім біле бермейді. Негізінде бұл аппараттың арғы атасы телеграф деп айтсақ болады, себебі дәл соның жетілдірілген түрін АҚШ ғалымы Александр Белл патенттеп алған болатын. Айтулы оқиға 1876 жылы 7 наурызда болып, кейіннен осы күні телефон аппаратының туған күні тойлана бастады. Александр Белл өз туындысын халыққа Филадельфиядағы Дүниежүзілік көрме кезінде таныстырған, кейін Париждегі халықаралық көрме аясында да көпшілік назарына ұсынды. Таңғажайып туындыны барша жан қуана қабылдап, ерекше қызығушылық танытқан, себебі ол алыстан байланысқа шығуды одан сайын жетілдірді.

Жыл сайын 7 наурызда Ресейде Сабақтан қалу күні бейресми түрде аталып өтеді. Ата-аналар мен мұғалімдер балалардың осы бір жаман әдетімен күресуден жалықпайды. Дегенмен жылына бір рет сабақтан қалуға болады екен. Өмірінде сабақтан қалып көрмеген оқушы кемде-кем шығар. Оның үстіне, көктем шығып, күн жылынған кезде ешкімнің төрт қабырғаға қамалып, оқығысы келмейді. Бұл мереке сабаққа деген көзқарасты қайта қарауға мүмкіндік береді. Тәртіпті оқушылар еркінсіп, жоспардан тыс демалып алады. Мектеп жүктемесінен сәл де болса тынығуға мүмкіндік туады. Ал үнемі сабақтан қалып жүретіндер, керісінше, ұстаздарын таңғалдырып, мектепте бір көрінуі тиіс.

АҚШ-та бүгін Ұлттық құрғақ таңғы ас мерекесі бейресми түрде тойланады. "Құрғақ таңғы ас" деген жалпы атау дәнді-дақылды азық-түліктердің ірі санатына берілген – бұл тағам түрі АҚШ-та кең таралған, америкалықтардың көпшілігі таңды осы аспен бастайды. Құрғақ таңғы ас қатарына әртүрлі дәнді-дақылдар қоспасы, дақылдарды үгітіп жасалған тіскебасарлар жатады. Мұндай таңғы ас түрі АҚШ-та алғаш рет 19 ғасырда пайда болған.





Пікір жазу