04.03.2023
  176


Автор: 365 күн

6 наурызда әлемде қандай қызықты оқиға болды: 

Әлемнің көптеген елінде бүгін Халықаралық тіс дәрігерінің күні (International Dentist Day) аталып өтеді. Мереке тістің саулығына қоғамның назарын аудару, тұрақты тексерістен өту мәдениетін қалыптастыру және тіс дәрігері мамандығының беделін арттыру мақсатында құрылды. Халықаралық тіс дәрігерінің күнінде тісті жүйелі және мұқият күту, сондай-ақ балаларды тісжегіден сақтау қажеттігі туралы ағарту жұмыстарына арналған іс-шаралар өткізіледі.

Бұл кәсіби мерекенің датасы стоматология ісіндегі ең танымал өнертабыстардың бірімен байланысты: 1790 жылдың 6 наурызында вашингтондық тіс дәрігері Джон Гринвуд стоматологиялық бұрғыны ойлап тапты. Электрлі бұрғы 1907 жылы ғана пайда болды.

 Барлық адамның дәмді ас жегісі келеді. Гастрономиялық ізденістерді жақсы көретіндер мен бағалаушылардың өз мерекесі бар. Бүкілресейлік тамақ талғағыш (гурман) күні 6 наурызда жыл сайын аталып өтеді. Ол ресми шара емес. Бүкілресейлік тамақ талғағыш күнінің мақсаты – тағамнан ләззат алу. Сондықтан әркім сүйікті тағамын пісіреді. Мол дастарқанға қалаған адамын шақырады. Кейбір адамдар мейрамханаға барып, дәмді тағамдарға тапсырыс береді.

Тамақ талғағыш деп тамақ пен сусынды жете түсінетін адамды айтады. Дегенмен, шын мәнінде, ол дәмді және тойымды тағамды жақсы көретін адам.  

Сондай-ақ бүгін – Бақыт құсының оралуы күні. Бүгін оны бәрі көре алады. Айналаңызға көз тастаңыз, ол тым жақын тұр. Оны қапсыра құшақтап алудың керегі жоқ. Бақыт құсына сүйсіне және таңырқай қарау керек. Сонда ғана ол әрдайым сіздің адал, сенімді, сәттілік әкелетін серігіңіз болады.

АҚШ-та бүгін Мұздатылған тағамдардың ұлттық күні аталып өтеді. Ол жыл сайын 6 наурызда тойланады - 1930 жылы дәл осы күні алғашқы мұздатылған тағам Спрингфилдте сатыла бастады. Тамақ өнеркәсібіндегі революцияны Кларенс Бирдсай жасады.





Пікір жазу