04.03.2023
  475


Автор: Ғанибатыр Нұржанов

Аналар-асыл жандар.

Аналар- асыл жандар.
Арайлы аппақ таңың.
Ұл-қыздар парызы бар,
Алдында етер тағзым.
Мәңгілік әнің - Ана.
Өмірлік сәнің - Ана.
Табиғи тәнің - Ана.
Ананың жаны - Бала!
Мерекең құтты болсын,
Асыл Ана!


Анаға ақмаңдайлы,
Сәбиміз еркелейтін.
Анамен көңіл жайлы,
Өмірді көркейтетін.
Мәңгілік әнің - Ана.
Өмірлік сәнің - Ана.
Табиғи тәнің - Ана.
Ананың жаны - Бала!
Мерекең құтты болсын,
Асыл Ана!


Құлпырсын асыл - ана.
Жауқазын гүліндей боп,
Анасыз бұл жалғанда
Қызықтың сәніде жоқ.
Мәңгілік әнің - Ана.
Өмірлік сәнің - Ана.
Табиғи тәнің - Ана.
Ананың жаны - Бала!
Мерекең құтты болсын,
Асыл Ана!


Мейірмен мәпелеген,
Әлдимен аялаған.
Бесігін сан тербеген,
Аналар - аяулы жан!
Мәңгілік әнің - Ана.
Өмірлік сәнің - Ана.
Табиғи тәнің - Ана.
Ананың жаны - Бала!
Мерекең құтты болсын
Асыл Ана!


Анаға - ай еркелегің,
Келер - ау аялағың.
Мейірім - нұр төгетін,
Аналар - сая бағың!
Мәңгілік әнің - Ана.
Өмірлік сәнің - Ана.
Табиғи тәнің - Ана.
Ананың жаны - Бала!
Мерекең құтты болсын-
Асыл Ана!
✍ Ғанибатыр Нұржанов.



Құрметті асыл аналар, аяулы қыздар 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңыз аман болып, гүл жайнап жүре беріңіздер!


Ізгі тілекпен:
Төлеш Сарбасқызы





Пікір жазу