03.03.2023
  769


Қыз баланың сұлулығы

 


Қыз баланың сұлулығы иманында,
Бойына жақсы қасиет жыйғанында,
Анасының атына кір келтірмей,
Тәрбиемен ортаға сыйғанында.


Қыз баланың сұлулығы, жүргенінде,
Әдеппенен жымиып күлгенінде,
Өсек аяң, әңгімеден аулақ болып,
Орынын қай жерде де білгенінде.


Қыз баланың сұлулығы адалдығы,
Жан-жағына тимесе жамандығы,
Байқалмаса шық бермес сараңдығы,
Ең бастысы кішіпейіл адамдығы.


Қыз баланың сұлулығы батылдығы,
Анадан текті туған асылдығы,
Ата-ананың қадірін бағалайтын,
Ерке тотай, болмаса масылдығы.


Қыз баланың сұлулығы тәрбиесі,
Таза болса ары мен жандүниесі.
Ата-ана ақылын місе тұтса,
Айдан анық атына шаң тимесі.


Қыз баланың сұлулығы ұятында,
Тәлім алса қарашаңырақ ұясында,
Сабырлы боп кішіпейіл, қарапайым,
Қор болмайды өмір атты қиясында.


Қыз баланың сұлулығы көздерінде,
Инабатты, ибалы сөздерінде,
Болашақ жарыменен бақытты боп,
Айдынында қос аққудай жүзгенінде.


Қыз баланың сұлулығы шаштарында,
Қиылған қою қара қастарында,
Орныменен серуендеп достарымен,
Қырық үйден тыйым болса жас шағында.


Қыз баланың сұлулығы мейірімде,
Арам ойы болмаса пейілінде.
Ашық-шашық көрсетпей абыройын,
Қазақилық болса егер киімінде.


Қыз баланың сұлулығы білімінде,
Ойға түйген ортадан ілімінде,
Алла деп соғып тұрған жүрегінде,
Аналық пәктік болса сезімінде!!!


Авторы: Самал Балтабаев Таңбайұлы





Пікір жазу