03.03.2023
  412


Автор: Болат Құрсақбай

АНАЛАРҒА

 


( 8-март аналар мерекесіне арнау )


Аналар ардақтысың ақжаулықты.
Еңбегің зор, ұрпаққа жан-жақтылы.
Әлдиіңнен әлемнің үнін естіп,
Үйрендім мейіріңнен даналықты.


Даланың исі аңқып тілегіңнен.
Дананың сөзі шалқып жүрегіңнен.
Ханды да, қараны да, төрені де,
Құндақтап ержеткіздің бесігіңнен.


Аналар еңбектерің елге мәлім.
Отырыңдар қуанып төрге дайым.
Ақ сүтіңді ақтаймыз, ардақтаймыз,
Бақыттың бергенсіздер, ерге бәрін.


Батырсың елің үшін жауға шапқан.
Шешенсің, шежіресің дауға шапқан.
Бәрі бар өн бойыңда қасиеттің,
Рухың жанар таудай тулап жатқан.


Еңбегің сақталады ел есінде.
Жүріңдер жер шарының кемесінде
Ақжаулық басыңдаңы ардың туы.
Бастаған берекенің белесіне.


Болат Құрсақбай
03.03.23





Пікір жазу