03.03.2023
  555


Автор: Гүлсара Мырзахан

Әйел деген....

Бар әлемнің сұлулығын сыр еткен,
Табиғаттың жылулығын жыр еткен..
Аруларым аналарым қымбаттым,
Құттықтаймын сіздерді шын жүрекпен..


Гулсара Мырзахан



***


Әйел деген құрмет тұтар піріміз,
Қарамайды ұнамаса түріміз..
Әйел деген жаны нәзік халық қой,
Ерлер үшін аман есен жүріңіз!!


Әйелдерді құрметтейміз сүйеміз,
Солар үшін жанамыз да күйеміз..
Сол арулар қадірлейді біздерді,
Әйелдер ғой біздің үйге йеміз..


Аналар ғой йеміз де киеміз,
Әйел ана әйел бақыт білеміз..
Қанша жерден тәкәппар біз болсақ та,
Анамызға басымызды йеміз!!


Әйел бізге шуақ шашар еркеңіз,
Ал анаға қартайсақ да еркеміз..
Аналар ғой қорғаушымыз қорғайтын,
Ана үшін біздер сонша көркембіз!!


Әйел үшін біз қашанда серіміз,
Керек десе шайын құйып беріңіз,
Қадіріне жету үшін әйелдің,
Әйелдерсіз өмір сүріп көріңіз!!





Пікір жазу