03.03.2023
  389


Автор: Эльмира Сәрсенбайқызы

Әйел, әйел!

Жырлай берсем, сөзім көп,
Айта берді десін, мейлі, шек қойсын!
Жүрегінде мейірім бар, көзінде- от,
Әйел барда, қуанышың көп қой, шын!


Әйел, әйел!
Бақыт та бар, шаттық бар,
Онсыз дүние бос емес пе, адамзат?!!
Көңілінде адалдық бар, пәктік бар,
Бар жамандық біле білсең, оған жат...


Әйел, әйел!
Жанашырың, қамқорың,
Ол- анаң да, әпке, жеңге, қарындас.
Ең сүйкімді қасиеті жалпы оның-
Мықтылығы қиындықта шағылмас.


Әйел, әйел!
Ол періште жаны асыл,
Ол- намысың, абыройың беттегі!!!
Мейірімді, қашанда тек жанашыр,
Ол күлгенде, Күн де күлер Көктегі...


Әйел, әйел!
Онсыз өмір- қараңғы,
Әйелменен әлем нұрлы, білгенге.
Керек десең, емдейді де жараңды,
Көркем етер көңіліңді бір демде...


Әйел, әйел!
Ол- анаң ғой, жұмағың,
Түн ұйқысын төрт бөлетін түндерде.
Анаңдайын қамқор болар, сірә, кім,
Басыңдағы қиын- қыстау күндерде?


Әйел, әйел!
Жаныңдағы жарың ол,
Махаббатқа мас қылады мәз етіп.
Теңдесі жоқ қасиеті бар әрі мол,
Жадыратар жаныңды да жаз етіп...


Әйел, әйел!
Сұлу қыздар, құрбылар,
Қылығы бар жарасымды, тәп-тәтті,
Сұлулықты ақын біткен жыр қылар,
Жүрегінде сезім жырын сақтапты.


Әйел, әйел!
Жауқазының, раушаның,
Нұрландырар, гүлдендірер әлемді!!!
Жанарыңнан жабыққанда жауса мұң,
Бір сен үшін таба білген бар емді...


Әйел, әйел!
Қолдаушың да, көмекшің,
Онсыз қиын бастау алған тірлігің.
Ал, ендеше, қуанышқа бөлеп шын,
Әйелдерді құттықтайтын күн бүгін!!!


 


Мерекелеріңізбен аяулы Аналар, сұлу қыздар!





Пікір жазу