03.03.2023
  419


Автор: Қадір түні

Қабыл болсын дұғалар

Рамазанның соңғы келер он күні,
Келетін түн түн қасиетті бұл түні.
Қадыр түні қабыл болсын дұғалар,
Таң атқанда шуақ шашып күн нұры.

Отбасы мен бала-шаға аман боп,
Қадыр түні орындалсын арман көп.
Қасиетті осы Қадыр түнінде,
Орындалсын бар тілектер уайым жоқ.

Қадыр түні мың айдан да қайырлы,
Арылтатын, болмайтын еш уайымы.
Құтты болсын Қадыр түні ағайын,
Үміт берер жанды тербеп пайымы.





Пікір жазу