02.03.2023
  181


Автор: Рамазан айы

Құтты болсын рақым айы Рамазан

Құтты болсын рақым айы Рамазан,
Қабыл болар ниеттер мен тілектер.
Рамазаннан жетейік Рамазанға,
Дүрсіл қағып кеудедегі жүректер.

Рамазанның айы бізге сыйласын,
Қуанышын, шаттығы мен бақытын.
Еліміздің тыныштығын сыйлап бұл,
Ұзақ ғұмыр берсін бізге уақытын.

Ағайындар тату болып, абысын,
Рамазанда бауырмалдық жандансын.
Құлшылықтар қабыл болып, ниеттер,
Бар жақсылық біздер үшін таңдалсын.





Пікір жазу